QirSabyn telegram арнасының авторлары ұсталды

Ғалиасқар Думан

18 желтоқсанда Қазақстан құқық қорғау органдары Астана және Қарағанды қалаларында ақша бопсалады деген күдікке ілінген топты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлдекімдер QirSabyn Telegram-арнасы арқылы жалған және беделге нұқсан келтіретін ақпаратты жариялаймыз деп қорқытып, ақша талап еткен.

Прокуратура мәліметінше, шұғыл тергеу шаралары барысында техникалық құралдар, ірі көлемде ақша және басқа да айғақ заттар тәркіленген.

Telegram-арна әкімшілерінің қамауға алынуына сот санкция берді.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.

БОПСА

Бұған дейін Ақтауда блогер бопсалау және ұрлық айыбы бойынша түрмеге кесілген еді.