АҚШ астронавты Қазақстанға ғарыштан құттықтау жолдады

Ulysmedia

Америкалық астронавт Марк Томас Ванде Хэй қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Видеоқұттықтау Қазақстандағы АҚШ елшілігінің фейсбуктегі парақшасына жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. АҚШ алғашқы елдердің бірі болып сіздердің тәуелсіздіктеріңізді мойындады. Содан бері екі елдің арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе ғарыш саласында ынтымақтастық дамып келеді», - деді Томас Ванде Хэй.

Сонымен бірге ол Байқоңыр ғарыш айлағынан алған әсерін бөлісті.

«Мен Байқоңырдан ғарышқа екі рет ұштым. NASA ол жерде көп зерттеу жүргізген», - дейді ол.