Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағының иесіне айыппұл салынды

Ғалиасқар Думан

Жануарлар адам төзгісіз жағдайда ұсталған Фортуна жылжымалы хайуанаттар бағын тексеру қорытындысы шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Lada.kz

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтау қалалық аумақтық инспекциясы мамандар «өз құзыреті шегінде» ешқандай заңбұзушылықтарды таппағанын мәлімдеді.

«Жабайы жануарлардың ветеринарлық сертификаттары, төлқұжаттары бар, олар вакцинацияланған», - дейді департаменттегілер.

Дегенмен жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жылжымалы хайуанаттар бағының иесі 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Бұған дейін еріктілер Ақтаудағы жылжымалы хайуанаттар бағында ірі жабайы аңдар мен құстар өте қолайсыз жағдайда ұсталатынын айтып, дабыл қаққан. Олардың айтуынша, қоршаулар шағын әрі лас, торлар суықтан қымталмаған, хайуанаттар бағының “тұрғындары” сол жерге дәрет сындырып, өз нәжісі мен зәрінің үстіне жатуға мәжбүр, оған қоса жануарлардың сырқат екені көзге ұрып тұр.