TikTok-та Шерзат ісін ботоферманың «шайқағаны» рас па – министр Мәдиев не дейді

Сырым Қаржас

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев TikTok қосымшасының өкілдері Талғардағы трагедия шеңберінде белсенді "ботоферма" жұмыс істегені жайлы ақпарат расталмағанын айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ   

Бұл сұрақты бүгін үкіметтің көшпелі брифиңі кезінде министр Мәдиевке журналистер қойған. Таяуда кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) "Қазақстандағы ботоферма белсенділігінің қалыптан тыс өскенін" хабарлаған еді. TikTok-та "дүрбелең туғызуға бағытталған боттардың үйлестірілген жұмысы пайда болғаны" айтылған.

Мәдиев бұл мәселені Tik Tok компаниясының аймақтық директорымен талқылағанын айтты.

– ЦАРКА-да соңғы жағдай айтылды. Мен бұл істі Tik Tok өкілімен, аймақтық директормен талқыладым. Олар ботоферма сияқты көрінетін аккаунттар бір-бірімен байланысты емес екенін хабарлады. Олар боттардың үйлестірілген әрекеті болғанын растамайды. Бұл TikTok-тан алынған, расталған ақпарат, - деді ол.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.