Шекарашылар паспортсыз жүрген өзбек азаматын ол туралы сюжеттен кейін қамап тастады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан шекарашылары бір жылдан астам уақыт төлқұжатсыз жүрген Өзбекстан азаматын ол туралы ақпарат шыққаннан кейін дереу қамауға алды. Өзбекстан азаматының айтуынша, ақпараттың полиция қызметі үшін салдары болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Настоящее время сайты

МӘН-ЖАЙЫ

Ильдар Бикчуркинді қамауға алу туралы шешім оның оқиғасы «Настоящее Время» эфирінде жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткенде қабылданған.

Бикчуркиннің айтуынша, шекара қызметінің қызметкерлері оның паспортын алып қойған, соның салдарынан ол Қазақстанда ақшасыз және еліне оралу мүмкіндігінсіз өмір сүруге мәжбүр болған.

20 желтоқсан күні Ильдар «Настоящее Время» тілшісіне Астанадан Павлодарға тергеуші Әділет Сәлімов шақырғанын хабарлаған. Бұл әңгіме қамауға алумен аяқталған.

Кейінірек белгілі болғандай, екі тәулік әкімшілік қамаудан кейін Бикчуркин Павлодар облысының ауылдық ауданы Ертіске жіберіліп, сотқа тартылатын болды. Бикчуркиннің айтуынша, шекарашылар «олардың мекемесінің телевизиялық сюжетте аталуы қатты ұнамаған».

«Маған, сенің кесіріңнен біз зардап шектік» деді. Тергеуші: «Маған да, басшылығыма да сөгіс берілді», – деп айтты», – дейді ол.

БИКЧУРИН КЕЙСІ

Еске салайық, Өзбекстан азаматы Ильдар Бикчуркин бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстанда паспортсыз өмір сүріп келеді. Құжаттарын 2023 жылдың күзінде Қазақстаннан Ресейдің Омбы қаласына шекара бекетін айналып өтпек болған кезде қазақстандық шекарашылар алып қойған. Ресейде оны заңсыз мигрант ретінде ресейлік құқық қорғау органдары ұстап, Өзбекстанға депортациялаған.

Алайда елге бірден оралудың орнына, Қазақстанға кіргеннен кейін Ильдар қазақстандық шекарашыларға өзі барып, паспортындағы «шықты» деген мөрсіз не істеу керектігін сұраған. Осы сөздерден кейін өзбекстандықты өткізу бекетінде ұстап, паспортын алып қойған (шекарашылардың айтуынша, сот болғанша). Оған шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды. Бірақ оның ісі бойынша сот әлі күнге дейін өтпеген.

«Мен осынша уақыттан бері сандалып жүрмін. Құжаттарым болмағандықтан, ресми түрде еш жерге жұмысқа тұра алмаймын, тіркеуге де тұра алмаймын. Мен ілініп тұрғандай күй кешіп жүрмін. Бұл маған тұтқында жүргендей әсер етеді, – дейді Бикчуркин.