Баку – Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағының құлар алдында бортында жарылыс болған. Бұл туралы 360.ru порталына апаттан аман қалған жолаушылардың бірі – Субхонкул хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ол апаттың нақты себебін атай алмаса да, жарылысты естігенін атап өтті.
«Мұны енді мамандар айтады – баллон болды ма, әлде басқа нәрсе ме… Жарылыс болды», – деп айтты ол.
Субхонкул Екатеринбург қаласында тұратынын және Әзербайжанға жеке шаруалармен барғанын айтты. Ол экстремалды жағдайда өздерінің кәсібилігі мен батылдығын көрсеткен бортсеріктерді мақтады.
«Бортсеріктер өз жұмыстарын жақсы орындады, тіпті "беске". Аға бортсерік қыз барлығын ұстамды түрде түсіндіріп, өз міндеттерін орындады. Ол өз жұмысын тамаша атқарды. Оның тірі қалғанын не қалмағанын білмеймін», – деп қосты ол.
Ұшақ апатына қарамастан, ер адам тек жеңіл жарақаттармен құтылған. Алайда оның палатадағы көршілерінің жағдайы ауырлау екенін айтты: олардың көпшілігінде түрлі жарақаттар мен сүйек сынулары бар.
«Жанымда жатқан адам. Сынбаған жері жоқ», – деді Субхонкул.
АПАТ ЖАЙЛЫ
Бүгін Ақтауда Бакуден Грозный қаласына бағыт алған Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ құстармен соқтығысқан деген нұсқа бар. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұшақ бортында баллон жарылғанын хабарлады.
ТЖМ министрлігінің дерегінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі. Оның ішінде Әзірбайжаннан 42 адам, Қазақстаннан адам, Қырғызстан 3 адам, Реейден 16 адам болған.
Апаттан амал қалған 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.