Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Ақтау маңында Embraer 190 ұшағы апатқа ұшыруы салдарынан неше адам қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Бұл туралы журналистерге Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.

– Зардап шеккен 29 адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі бала. Зардап шеккен 11 адамның жағдайы ауыр, – деді Бозымбаев.

Ұшақ апатынан аман қалғандар арасында қазақстандықтардың жоқ.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

Желтоқсанның 25-і күні Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзербайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев және Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ үкіметтік комиссия мүшелері ТЖ орнына келді. Сонымен қатар Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаладдин Фаттах оглы Гейдаров ТЖ орнында.