Бразиляиның ұшақ шығаратын Embraer әуе компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМДЕМЕ
Құжаттың мәтіні Embraer компаниясының ресми сайтында жарияланды. Компания Embraer 190 ұшағына қатысты болған оқиғаға "қатты қайғырады".
– Біздің бүкіл ойымыз бен шынайы қайғыға ортақ көңіліміз осы оқиғадан зардап шеккен отбасылармен, достарымен, әріптестері мен жақындарымен бірге. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырамыз. Тиісті органдардың қолдауына толықтай дайынбыз, – делінген хабарламада.
Қазақстанға Embraer мен CENIPA (Бразилиядағы әуе апаттарының алдын алу және тергеу орталығы) өкілдерін жіберді.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.
29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.
Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.