Қарағандыда куәгерді азаптаған екі полицей бас бостандығынан айырылды

Ғалиасқар Думан

Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы куәгерді азаптау бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Азамат басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаН. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.

ҮКІМ

Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды. 

Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылған. Оларға жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды. 
 
Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.