Украиналық депутат Радаға қазақтың ұлттық киімімен келді

Ulysmedia

Украиналық депутат Сергей Нагорняк Жоғарғы Рада отырысына Қазақстан туы түстес киім киіп келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Фейсбук

Сергей Нагорняк Украинаның Жоғарғы Радасында Черкасск облысының атынан қатысады. «Халық қызметшісі» фракциясының мүшесі, Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі.

Ол Фейсбук парақшасына «Біздің тарихымыз, қаһармандарымыз ортақ. Дәстүрлеріміз ұқсас. Ең бастысы – көзқарастарымыз ұқсас, демек болашағымыз ортақ. Мен сіздерге сенемін, Қазақстанның ұлы халқы! Мен достығымызды бағалаймын! Тәуелсіздік күні құтты болсын! 30 жылдық құтты болсын!» - деп жазды.