Жүкембаев мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Ulysmedia

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 20-жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Prosports.kz-ның мәліметінше, бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20 КО) кездесті.

Монреаль (Канада) қаласында өткен кездесу алты раундқа жоспарланған, бірақ Жүкембаев қарсыласын мерзімінен бұрын (69-секундта) техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, Бұл Жүкембаевтің кәсіпқой бокстағы 19-жеңісі. 29 мамырда Карсон қаласында (Калифорния, АҚШ) пуэрториколық Сабриэль Матиастен (17-1, 17 КО) жеңілген еді.