"Әйелім туралы ойлаймын": апаттан аман қалғандар жағдайы туралы айтты

Ғалиасқар Думан

Ақтау маңында болған әуе апатынан аман қалған Әзербайжан азаматтары өздерінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

report.az

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әзербайжандық Нурулла Сираджов саусағы сынып, денесі көгергенін айтты. Ол Қазақстан дәрігерлеріне денсаулығына қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп жазады Report.

– Біз бәріне ризамыз. Әрине, бізді жақсы күтіп-бағып, ең жоғары деңгейде қамқорлық көрсетіліп жатыр, – деді ол.

Сираджовты алаңдататын жалғыз нәрсе – оның әйелі, ол да ұшақтың жолаушысы болған. Ол әйелінің жағдайын біліп, онымен кездескісі келеді. Оның айтуынша, олар апаттан кейін кездеспеген.

Тағы бір аман қалған Самир Дарвишов жағдайы рақты екенін айтты. Ол әкесімен бірге Грозныйға бауырын көруге және жұмыс іздеуге ұшып бара жатқан.

– Дәрігерлер бізге өте жақсы күтім жасады. Мен барлық тексерулерден өттім. Қазақстанда да бізге қамқорлық көрсетті, оларға рахмет, – деп қосты ол.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.