Полицейлер бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ
Тергеу мәліметінше, ол мектептердегі білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, оны ұйымдастырушылардан 1 миллион теңге талап еткен.
«Тексеру кезінде ұсталған азаматтан аударылған сома жазылған банк картасы мен журналистің жеке куәлігі табылды», - деп хабарлады полиция.
Ұсталған азамат әлеуметтік желідегі парақшаларын белсенді жүргізеді және аймақтық блогер ретінде танымал. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Блогерлер және заң
Еске сала кетсек, бұған дейін Даша Дошик есімімен танымал қазақстандық тиктокер және әнші Дарья Перова Ресей Федерациясының салық заңнамасын бұзды деген күдікке ілінді.
Алматыда 37 жастағы блогер Асхат Бектенбаев (Ашо) ұсталды. Бопсалау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.