Оқу-ағарту министрі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бірлескен бұйрық шығарды. Құжатта мұғалімдерді мектепке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілгені жазылған, деп жазады Ulysmedia.kz.
МҰҒАЛІМ ЖҰМЫСҚА ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Тиісті ережелер online.zakon.kz порталында жарияланды.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату ережелеріне сәйкес, педагогтер білім беру ұйымдарына "Педагогті жұмысқа қабылдау модуліндегі" ұлттық деректер базасы арқылы қабылданады. Алайда мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда педагогтер жұмысқа қағаз жүзінде қабылдана береді.
ТАЛАПТАР ҚАНДАЙ
Мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектер (GPA) оқуды 3,33 балдан жоғары нәтижемен тәмәмдаған жағдайда сертификаттаудан өткені туралы құжаты болса, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады.
Конкурсқа үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
Қандай құжаттар қажет:
Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
білім беру ұйымының және (немесе) білім беруді басқару органының әлеуметтік желілерінің интернет-ресурсында және (немесе) ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
конкурсты өткізу күнін айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия кандидат жинаған балдар негізінде қабылдайды.
БАСҚА ДА ТАЛАПТАР
Ең көп бал жинаған үміткер конкурстан өткен болып есептеледі. мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
Кандидаттардағы балдар саны тең болған кезде конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, оның нәтижелері бойынша тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурстық комиссияның шешімі қабылданғаннан кейін конкурс жеңімпазына шешім қабылдау үшін 24 сағат беріледі.
Бос лауазымға кандидат анықталмаған кезде оқу жылының басында оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог немесе қоса атқарушы педагог қабылданады.
Бос сағаттар саны 8 сағаттан аспаған жағдайда, оқу жүктемесі бір жарым ставкасы бар (мемлекеттік білім беру ұйымы басшысын, басшысының орынбасарын қоспағанда) кемінде екі-үш педагог арасында сағаттарды бөлуге жол беріледі.
Ережелер 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.