Шетелге шығуға тыйым бар-жоғын жедел тексеру үшін eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасын пайдалануға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШЕКТЕУ НЕГЕ ҚОЙЫЛАДЫ
Шетелге шығу құқығын шектеудің негізгі себебі – қарыздардың болуы. Оларға төленбеген салықтар, айыппұлдар, алименттер, коммуналдық қызметтер бойынша қарыздар, сондай-ақ тиісті құжаттық растауы бар жеке немесе заңды тұлғалар алдындағы қарыздар жатады, деп түсіндіргі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының бспасөз қызметі.
ҚЫЗМЕТТІ ПОРТАЛДА ПАЙДАЛАНУ
еGov.kz порталында сервисті пайдалану үшін:
ҚОСЫМША КӨМЕГІН ПАЙДАЛАНУ
eGov Mobile қосымшасында сервисті пайдалану үшін:
ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚОЙЫЛАДЫ
Шетелге шығуға шектеулер қарыз сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда немесе сот тиісті өндіріп алу туралы қаулы шығарған болса алимент төлемдерінің мерзімі 3 айдан асып кеткен жағдайда қолданылады. Сотпен бекітілген сот орындаушысының қаулысы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жіберіледі, олар шекарадан өту мүмкіндігін бұғаттайды.
Қызмет тегін көрсетіледі және жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қолжетімді.