Қазақстанның үш облысында ауа райының жайсыздығына байланысты кейбір жолдар жабылды

Сырым Қаржас

Қазақстанның үш өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы "Қазавтожолға"сілтеме жасай отырып.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

Қозғалысты шектеу көліктің барлық түріне енгізіледі: 

Қостанай облысында:

  • сағат 13:00-ден Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының учаскесінде, 108-232 км (Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • сағат 15:00-ден Екатеринбург-Алматы автожолының 686-729 км учаскесінде (Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейін).  

Ақмола облысында 13:00-ден бастап:

  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының учаскесінде, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін);
  • Жақсы – Есіл – Бұзылық автожолының учаскесінде, 71-82 км (Ақсай кентінен Бұзылық кентіне дейін); 
  • Жезқазған – Петропавл автожолының 536-553 км учаскесінде (Бұзылық кентінен Сұрған кентіне дейін).  

СҚО-да сағат 15:00-ден Екатеринбург-Алматы автожолының 729-768 км учаскесінде (Қостанай облысының шекарасынан Тоссан би ауылына дейін).

Бұл учаскелерде қозғалыс 2 қаңтарда таңғы 09.00-де ашылуы мүмкін.