Жаңа жылдағы бағам: доллар бағамы қалай өзгерді

Сырым Қаржас

Қазақстанның ақша айырбастау пункттеріндегі доллар мен рубльдің 2 қаңтардағы бағамы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Астанада долларды 515 теңгеге сатып, 532 теңгеден алуға болады. Еуроны сатып алу құны 553, сату құны 533 теңге. Рубль қалыпты: сату 4,7 теңге, сатып алу – 5,05.

Алматының ақша айырыбастау пунктттерінде доллар 531 теңгеге сатып алып, 520 теңгеге сатуға болады. Еуро 544 теңгеден қабылданады, 552 теңгеге сатып алуға болады. Рубльді сату құны 4,85 теңге, сатып алу құны 5,1 теңге.

Ұлттық банкі демалыс күндері белгілеген валюталардың ресми бағамы: доллар 525,11, еуро 546,74 теңге, рубль 4,88 теңге.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

Былтыр 28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.