Ақмола облысында қандастардың ақшасын жымқырғандар жазаланды

Сымбат Сатыбалдина

Целиноград ауданы прокуратурасы қандастардың қоныс аударуы кезінде заң бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Целиноград ауданы прокуратурасы аудандық мансап орталығының қызметіне тексеру жүргізген. Тексеріс нәтижесінде ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру заңнамасы талаптары бұзылғанын анықталды.

Қандастардың өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алуға арналған материалдық көмекті заң бұзушылықтармен алғаны, сондай-ақ материалдық көмекті жымқыру фактілері болғанын анықтады. Залалдың жалпы сомасы - 20 млн теңге.

Бұл заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы қандастарға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау деректері бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1) тармағы) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркеді. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін Ақмола облысының экономикалық тергеу органдарына жолданды.

Одан бөлек, аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісі негізінде Ақмола облысының Еңбек мобильдік орталығы мемлекеттен заңсыз алынған қаражатты қайтару туралы талап арыздарын сотқа берді.

Аталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.