Ресейде жарылыс болып, мұнай базасынан алапат өрт шықты

Ulysmedia

Ресейдің Саратов облысының Энгельс қаласында жарылыс болып, мұнай базасының аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ 

Бұл туралы ресейлік ВЧК-ОГПУ телеграмм арнасы ақпарат таратты. Түнде Краснодарск пен Волгоградск тұрғындары ұшып өтіп жатқан дыбыстарды естіген

Энгельс тұрғындары қаладағы жарылыстар туралы хабарлай бастады, сонымен қатар, мұнай базасы аймағындағы алапат өрттің фотосуреттерін бөлісе бастады, - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, сол ұшқышсыз ұшатын аппараттар Энгельстегі мұнай базасын атқылаған. 

30-ҒА ЖУЫҚ ҰШАҚ ШАБУЫЛДАҒАН

Сонымен қатар, Mash телеграмм арнасы қалада кем дегенде 30 жарылыс болғанын хабарлады. Сондай-ақ жұртшылық аумақтардың бірінде дрон қоқыстарының құлауынан өрт шыққанын растап отыр.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Ресей Қарулы Күштері Су-34 ұшағын Энгельс аэродромына өткізген болатын.