Қарағанды облысында мешіт түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында болған.
МӘН-ЖАЙ
"Первый Карагандинский" телеарнасының мәліметінше, Томар ауылындағы мешіттің түгі қалмай өртеніп кеткен. Өрт болған уақытта мешітте ешкім болмаған.
Қызыл жалын мешітті бірден шарпып, өрт алыс жерден де көрініп тұрды, делінген материалда.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіруге тырысқан.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.