Қырғызстандағы «Жол қоры» туралы заңға сәйкес, бұдан былай азаматтар көлік салығынан босатылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров өзінің Facebook парақшасында елде көлік салығы алынып тасталғанын жариялады. Оның орнына 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлікке құйылған бензиннің немесе дизельдің әр литрінен бір сом алым енгізілді. Ал Қазақстанда жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, көлік салығы иелерінің табыс деңгейіне және автомобильдерді пайдалану мерзіміне қарай сараланады. Жапаров бұл өзгерістерді көлік салығын отын алымымен ауыстыруды көздейтін "Жол қоры туралы" жаңартылған заңның күшіне енуіне байланысты деп түсіндіреді. Мұндай шешім салық жүйесін жеңілдетіп, түсімдердің тұтынылатын отын көлеміне тікелей тәуелділігін тудырады.
Қырғызстан президенті 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін де төлемеген азаматтарды көлік салығынан босатты.
Жапаров салықтарды уақтылы төлеу маңызды азаматтық борышқа айналуға тиіс екенін атап өтті. Ол дамыған елдерде салық тәртібі экономикалық тұрақтылықтың негізі саналатынын еске салып, Қырғызстан тұрғындарын салықтарды уақтылы төлеуге шақырды.
Көлік салығын алып тастау және отын алымын енгізу салық жүйесінің ашықтығын арттыруға және автокөлік жүргізушілері үшін неғұрлым әділ жағдай жасауға бағытталған, деп атап өтті Қырғызстан президенті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жылжымалы мүлік салығы Қырғызстан бюджетіне 1 млрд 198,1 млн сом немесе 13,7 млн доллар түсірген.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОСПАР
Көрші елде осындай өзгерістер болып жатқанда Қазақстан жаңа салық кодексі арқылы кейбір автокөлік иелеріне салықтың бұл түрін арттырғалы отыр. Жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, Қазақстандағы көлік салығының мөлшері автокөліктің кірісі мен қолданыс мерзіміне қарай өзгереді. Шағын көліктер мен ескі көліктердің иелері үшін салық азаяды, орта тап үшін ол өзгеріссіз қалады, ал сәнді автокөлік иелері көбірек салық төлейді.
Құжат жобасында көзделген негізгі өзгерістер мынадай: қозғалтқыш көлемі 2,5 мың текше см дейінгі автомобиль иелері үшін салық қозғалтқыш көлеміне байланысты 1-6 АЕК деңгейінде қалады. 10 жылдан 20 жылға дейінгі автокөлік иелеріне салық қазіргі сәл төмендетіледі. 20 жылдан бергі көлікті тепкендерге коэффициент 0,5 болады.