4700 шақырым: 2025 жылы Қазақстанда қандай жолдар салынады

Сымбат Сатыбалдина

Биыл Қазақстанда қандай жолдар салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж: Ulysmedia.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады.

4700 ШАҚЫРЫМ

Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

2025 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ

  • Қызылорда – Жезқазған (208 км)
  • Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
  • Қарағанды – Жезқазған (572 км)
  • Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
  • Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
  • Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
  • Атырау – Доссор (86 км)
  • Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
  • Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
  • Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
  • Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
  • Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
  • Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
  • Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
  • Атырау – Шапай (136 км)
  • Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
  • Алматы – Үшқоңыр (48 км)
  • Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
  • Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)

Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге  инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.