Ақорда Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын айтты

Сымбат Сатыбалдина

Ақорда президент Тоқаевтың 14-15 қаңтарға арналған жоспарын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады.

2023 ЖЫЛҒЫ САПАР

Тоқаев 2023 жылы БАӘ-ге мемлекеттік сапармен барған болатын. Ол Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті. 

Сонымен қатар, президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. 

Одан бөлек, Тоқаев Қазақстан – БАӘ инвестициялық дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлеген болатын.