Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінді

Сырым Қаржас

Бүгін, 11 қаңтарда Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым жерде жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Геофизикалық зерттеулер институты жерасты дүмпулері 11 қаңтарда Астана уақытымен 16:15-те тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің күші 3,8 баллды құрады.

 Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 43,59 градус, шығыс бойлық 77,80 градус. Энергетикалық класс K=8,8, делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында сейсмологтар елдің шығысында жер сілкінісін тіркеді.

9 желтоқсанда сейсмикалық стансалар желісі Түркістан облысында жер сілкінісін тіркеді. 4 желтоқсанда Маңғыстау облысында жер сілкінді.