Қазақстандағы "Газпромнефть" автожанармай құю станцияларының желісі АҚШ қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне енді, деп жазады Ulysmedia.kz.
Бұл туралы "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы" ЖШС сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, шетелде жұмыс істейтін 30-дан астам ресейлік мұнай сервистік компаниялар АҚШ қаржы министрлігінің жаңа санкциялар тізіміне енген. Олардың ішінде Gazprom Neft Kazakhstan LLP — Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары мен Омбы мұнай өңдеу зауыты өндірісінің мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сатуды жүзеге асыратын" Газпром нефть" еншілес компаниясы бар.
Қазақстандағы "Газпромнефть" ЖМҚС желісінде Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Түркістан, Сарыағаш, Кентау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, сондай-ақ Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында орналасқан 78 станция бар.