Ыстамбұлда 11 адам қолдан жасалған ішімдікті ішіп, өліп қалған

Сымбат Сатыбалдина

Ыстамбұлда 11 адам қолдан жасалған арақты ішіп, өліп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Жалпы 38 адам, оның ішінде 26 шетел азаматы қолдан жасалған ішімдік ішіп, Ыстамбұлдың ауруханаларына медициналық көмекке жүгінген. Ауруханаға жатқызылған 38 адамның 11-і бір тәулік ішінде қайтыс болды, - делінген мақалада.

ШЕТЕЛДІКТЕР БАР

Өзбекстан консулдығының мәліметінше, қайтыс болғандардың ішінде бес өзбекстандық бар. Олар Ақсарай ауданында қолдан жасалған ішімдікті ішкен. 

КҮДІКТІЛЕР

Полицейлер бұған дейін контрафактілік спиртті өндіру және таратумен айналысқан барлығы 36 күдіктіні ұстады, оның 14-і қамауға алынды. Құзырлы органдардың мәліметінше, мыңнан астам дүкен мен мекемеде жүргізілген тексеру барысында мамандар 287 тоннадан астам контрафактілік алкогольді тәркілеген.