18 көлік жол апатына түскен: зардап шеккен адам бар

Сымбат Сатыбалдина

Алматы облысында сұмдық жол апатында зардап шеккен адам бар. Тасжолда 18 көлік бір-біріне соғылған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

ПОЛИЦИЯ ПІКІРІ

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан бір жолаушы жеңіл дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Нашар көріну жағдайында жылдамдықты азайту, қауіпсіз қашықтықты және жол ережелерін қатаң сақтау аса маңызды.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға 15 қаңтар күні сағат 07:30 шамасында «Алматы – Өскемен» автожолының 28-шақырымында («Алматы – Қонаев» бағыты) болған. Трассада 18 көлік жол апатына түскен. Жол апаты қалың тұман кезінде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа жүргізушілердің шектеулі көріну жағдайында жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауы себеп болған.

“ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, оқиға болған жол учаскесі IА техникалық санатына жатады, алты қозғалыс жолағы бар. Жол беті құрғақ, ақаулар мен бөгде заттар болмаған.  Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ЖОЛ АШЫҚ

Қазіргі таңда Алматы-Өскемен автожолының учаскесінде қозғалыс ашық. Жол апатынан кейін жол қызметі жолдың бойын тазалап өтті.