«Зорланған соң 9-шы қабаттан секіріп кеткен»: Ақтауда Алинаның апелляция соты жабық өтеді

Ulysmedia

Ақтауда өз-өзіне қол салған фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты апелляция 21 қаңтарда өтеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне марқұмның сіңлісі хабарлады.

Ulysmedia.kz коллажы

2024 жылы зорланған соң тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен Алинаның соты бойынша күдіктілер 8 жыл мен 20 жыл аралығына сотталған болатын. Ол кезде сот ісі жәбірленуші тараптың талабына қарамастан жабық өткен. 

Апелляция 21 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотында жабық өтеді. 

Марқұмның сіңлісінің айтуынша, олар соттың жабық өтуіне қарсылық білдірсе де сот мұны тағы да ескермеген.

Соттың тағы да жабық өтуіне байлынысты ағам Бауыржан адвокаттарымызбен өтініш дайындап жатыр, – дейді ол. 

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Алина тірі болғанда былтыр 30 қазанда отыз жасқа толар еді. Арайлымның айтуынша, 2024 жылдың 14 мамырында Алина спорт кешеніндегі жұмысынан шығып, сөмкесін асынып, үйіне жаяу аяңдаған. Сол кезде артынан көлік тоқтаған. Ішінен бірнеше жігіт шығып, Алинаны «есірткі тасушы деп ойлап», машинаға күштеп отырғызып, жолды көрмес үшін көзін байлап, «Хазар» базары маңындағы жанар-жағармай тұрағына келіп тоқтаған.

Олар Алинаны ұрып-соғып, қорқытып бөлменің ішіне қамап қойған. Атынан телефоны арқылы 2 млн теңге несие алған. Әрі қарай қасына ертіп алып, ақшаны шешетін жер іздейді. Қателеспесем кейін сотталған С. 2009 жылы өзінің жүріп жүрген қызын зорлап, бөлшектеген және бір дүкенді тонап 15 жылға сотталған. Сол жазадан кейін де осындай әрекетке барып тұр, - дейді Арайлым.

Сіңлісінің сөзінше, көлікте Алинаны «есірткі тасушы екеніңді мойында» деп қинаған. Сөмкесін қарап, киімдерді көрген соң спортшы екеніне сенгендей болған. Бірақ, бәрібір жібере қоймапты. Арайлымның сөзінше, Алинаға ер адам бейнеленген ұятсыз видеоны қинап, соңына дейін көрсеткен, мефедрон берген. С-мен көлікте жалғыз қалған. Таңға дейін ойларына келгенін істеп, мекенжайын білетінін, біреуге айтса өлтіріп кететінін айтып, үйіне әкеліп тастаған.

ҚОРЫҚҚАННАН ҚҰРБЫСЫНЫҢ ҮЙІНЕ КЕТКЕН

Қатты қорқып қалған Алина келе салысымен бүкіл заттарын жуады да, үйінен кетіп қалады. Себебі, тұратын жерін білген соң кез-келген уақытта әлгілер келіп қалады деп сақтанады. Ә. есімді құрбысының үйіне барады. Бет-жүзі көкпеңбек болған соң жұмыс орнына бетпердемен барып жүреді. Түрін көрсетпес үшін залға баратын анасына, сіңілісіне ол жердің жұмыс істемей жабылып қалғанын ескертіп, келмеуін өтінеді.

Осыдан кейін барлық жайтты құрбысына айтқан. Інісі Бауыржанға зорлағанынан басқа жайттың бәрін айтып берген.

Ағам екеуі оқиға болған жанармай бекетіне, «Хазар» базары айналасына барып, іздеп біреуін ұстаған. Сөйтіп, 18 мамыр күні болған оқиғаны анасына айтқан соң, арыз жазу керектігін бұл істің сотқа баратындығын айтады. Алина, ертең «бәріне қалай қараймын, қайтіп айтамын» деп қатты ұялды. Содан құрбысының үйінде тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен, - дейді Арайлым.

«ТӨРТЕУІ САҒАН ЖАБЫЛАДЫ»

Арайлымның сөзінше, сотта төртеуі бәрін мойындаған, бірақ С. есірткіні алғаш қолданғанын, зорламағанын айтып, тағылған айыпты жоққа шығарған. Бірақ Алина тірісінде дәл соның зорлағанын айтып кеткен. Арайлымның сөзінше, Алинаға «менімен болмасаң, төртеуі саған жабылып тиіседі, одан да менімен жата сал» деп айтқан.

Естігенім бойынша, сот шешімі шығарда бұлар дүние-мүлкін сатып, 60 миллион теңгеге жуық ақша жинаған. Олардың үйін сатып ақша жинағаны айқын. Ішіндегі Ж. деген бала әлі күнге дейін уақытша оқшаулағышта болса да, Инстаграмда белсенді болып отырады. Біздің отбасымыз салған стористердің бәрін әдейі бақылап, көріп отыр. Ол аз десеңіз, ол қыздардың «историясына» жауап жазып та үлгереді екен. Қазір оның парақшасы сыртқы қолданушылар үшін жабық, - дейді марқұмның сіңлісі.

Толығырақ: «Зорланған соң 9-шы қабаттан секіріп кетті»: Ақтаулық Алинаның туыстары сот шешіміне наразы

Авторы Ділназ Бишер