Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты: қозғалтқыштан құстардың қауырсыны табылды

Сымбат Сатыбалдина

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың қозғалтқышынан құстардың қауырсыны табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының ұшағынан тергеушілер әуе кемесінің екі қозғалтқышынан қауырсын мен қан іздерін анықтағанын хабарлады.

МӘН-ЖАЙ

Апаттан бірнеше минут бұрын ұшқыш құспен соқтығыс болғанын хабарлап, төтенше жағдай жариялаған. Бұған екі минут қалғанда әуе диспетчерлері экипажға аймақта құстар көп екені байқалатынын ескерткен. Алайда, Reuters агенттігінің жазуынша, тергеуді қиындатып тұрған жайт – «қара жәшіктердің» апатқа бірнеше минут қалғанда жазуды тоқтатып қоюы.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ АПАТ

Муанда (Сеулден 288 шақырым жерде) ұшақ апатынан екі адамды қоспағанда, борттағы барлық адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Бортында Бангкоктың 181 жолаушы болған Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы таңғы сағат 9:07-де Муан халықаралық әуежайына қонуға тырысып, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соқтығысқан. Әуелі кем дегенде 28 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алғаны хабарланған еді. Кейін жолаушылар борттағы адамдардың көбі дерлік аман қалмағаны белгілі болды.

Әуежай билігі ұшақ апат болған кезде шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты пилот апаттық жағдайда қонуға тырысқанын хабарлайды. Бірақ ол әрекет сәтсіз аяқталған. Қоршауға соғылған ұшақ жарылып, өртеніп кеткен. Куәгерлер ұшақтың шассиі, мысалы, дөңгелегі дұрыс шықпай қалғанын көргенін айтады. Апатқа жайсыз ауа райы немесе құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.