Астанада кәмелетке толмаған бала терезеден секіріп кетті

Сырым Қаржас

17 қараша күні кешкісін елордада кәмелетке толмаған бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы оқиға 17 қаңтар күні кешке Нұра ауданында болған. Астана полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, бұған дейін депутат Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандағы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы туралы айтқан болатын. Ол қауіпті контенттің таралуын бақыламаса, әлеуметтік желілерді бұғаттауды ұсынды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауына қатысты алаңдатарлық жағдай туралы айтқан еді.