СҚО-да өрт шығып, бір үйдің бес адам қаза болды

Сымбат Сатыбалдина

СҚО-да өрт шығып, бір үйдің бес адам қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz МТРК басылымына сілтеме жасап. 

видео кадры

Түнде 112-ге Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. 

БЕС АДАМ ӨЛІ ТАБЫЛДЫ

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер үй толығымен өртеніп кеткенін, шатыры мен төбесі опырылып түскенін анықтаған. Оқиға орнында екі ересек адам мен үш баланың денесі табылған. 

ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

Құтқарушылар дереу жетіп, өрт болып жатқан аймақты анықтады. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және өрт сөндіру қызметі мен құралдарының күшімен 104 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Департаменттің психологиялық көмек көрсету тобы марқұмдардың туыстары мен жақындарына жедел психологиялық көмек көрсетті.

Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, тергеушілер мен төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу және сынақ өрт зертханасы қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аймақ басшысының тапсырмасымен оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов оқиға орнында жүр.