Непал Эверестке шығу құнын күрт қымбаттатты

Сырым Қаржас

Әлемнің ең биік нүктесі – 8849 метр биіктікке көтерілу құны 36% қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Непал Эверестке көтерілу ақысын 15 мың долларға дейін көтергені белгілі болды. Бұрын құны 11 мың доллар болған. Бұл ретте беткейлердің қоқыспен ластануымен күресуге бағытталған шаралар енгізілді.

Жаңа бағалар 2025 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енеді. Өрмелеу рұқсаттарының жарамдылық мерзімі енді 55 күнмен шектеледі (бұрын 75 болған).

Сондай-ақ, Эверест альпинистері нәжісін дұрыс жою үшін базалық лагерьге қайтаруы керек.

Былтыр альпинист Анар Бурашеваның Kazakh Everest team спорттық-патриоттық экспедициясы құрамында Эверестті бағындыруға дайындалып жатқаны хабарланған еді.