Қарақалпақтық белсенді Қошқарбай Төремұратов Польшада саяси баспана алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасы жетекшілерінің бірі Қошқарбай Төремұратов Польшадан баспана алғанын хабарлады. Ол бұл туралы 20 қаңтарда хабарлама алған.
ТӨРЕМҰРАТОВ ДЕГЕН КІМ
Төремұратов 2006 жылдан бері Қазақстанда тұрған. 2013 жылдан бері Алматыда қарақалпақ диаспорасын ұйымдастырумен айналысқан. 2014-2018 жылдар аралығында Өзбекстанда жазасын өтеп, артынша Қазақстанға оралды. 2022 жылы қыркүйекте Алматыда Өзбекстанның сұрауы бойынша қамауға алынды. Бір жылдай тергеу изоляторында отырып, Еуропадан баспана сұрап, кетіп қалған.
2023 жылы 8 қыркүйекте Нүкіс соты Төремұратовты 2020 жылы «Алға Қарақалпақстан жақтастарының Нөкістегі демонстрациясы» атты видеожазбаны жариялағаны үшін сырттай 5 жыл 1 ай мерзімге соттады.
Ол 2022 жылы Өзбекстанның өтініші бойынша шетелде босқын мәртебесін алу үшін Қазақстанда ұсталған бес қарақалпақ белсендісінің соңғысы. Бұған дейін тағы төрт белсенді АҚШ-тан баспана алған болатын.
ҚАРАҚАЛПАҚСТАННЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ
Қазір Өзбекстанда саяси астары бар деген айыппен іздеуде жүрген екі қарақалпақ Қазақстанның тергеу изоляторларында отыр.