"Ресей мен Украинаның соғысын 24 сағаттың ішінде тоқтатамын" деп бірнеше рет мәлімдеген Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский келісімге келуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Трамп Ресеймен қақтығысқа Зеленскийді кінәләді.
Ол (Зеленский) бұл соғысты болдырмауы керек еді. Зеленский – періште емес. Ол әлдеқайда үлкен, әлдеқайда алып, күшті құрылыммен күресіп жүр. Ол бұған жол бермеуі керек еді, себебі келісімге келуге болатын, – дейді АҚШ президенті Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
ТРАМПТЫҢ ЖАЗБАСЫ
Еске салайық, бұған дейін Трамп Путинге арнап пост жариялаған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинамен соғысты тоқтату туралы келісім жасалмаса, Ресейге жаңа санкциялар мен сауда баждарын енгізетінін мәлімдеген. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
ТРАМП НЕ ДЕЙДІ
Егер біз "мәміле" жасаспасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына және басқа елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амалым қалмайды. Мен президент болсам, ешқашан басталмауы тиіс болған осы соғысты аяқтайық! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, бірақ оңай жолы қашан да жақсырақ. "Мәміле жасасар" уақыт келді, - деді АҚШ президенті.
Трамп Ресейге зиян тигізгісі келмейтінін және әрқашан президент Владимир Путинмен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.
КРЕМЛЬ МӘЛІМДЕМЕСІ
Ресей басшысы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дональд Трамптың жазбасына қатысты пікір білдірді.
Дмитрий Песковтің сөзінше, Трамптың жазбасында “жаңалық жоқ, әрі оған сондай мәлімдеме жасаған ұнайды”.
Ауыз толтырып айтарлық элемент байқамадық. Трамп алғаш президент болған кезде де қит етсе санкция деп шығатын, оған мұндай әдіс ұнайды. Әсіресе алғаш президент болған кезінде осы әдіске жүгінетін. Ал жалпы, әрине, мәлімдемелерін бақылап отырмыз. Барлық нюансты ескереміз, дейді Песков.
Песковтың айтуынша, Ресей Трамптың бірінші мерзімі кезіндегідей «екі президент арасында болған» «тең және өзара сыйластық диалогына» дайын.