Қазақстанда бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде 1100-ден астам заңсыз қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
“Өткен жылдың сәуір айынан бастап ІІМ қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген жерлерде тастауға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды полигондардан тыс жерлерге төгуге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Акцияға 7037 полиция қызметкері қатысты”, делінген министрлік ақпаратында.
Мобильді топтар қалдықтарды жою саласында тексерулер жүргізген. Нәтижесінде 1120 стихиялық қоқыс үйіндісі анықталып, сондай-ақ 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Атап айтсақ:
Жергілікті атқарушы органдарға 782 бұзушылықты жою туралы нұсқау беріліп, оның нәтижесінде 524 қоқыс үйіндісі жойылды.