Аяздағы арпалыс: жүк көлігінің жүргізушісі Қордай асуында 5 күн жатқан

Сырым Қаржас

Жүк көлігінің жүргізушісі қатты аяздан Қордай асуында қалып кетіп, бес күн бойы көлік ішінде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

МӘН-ЖАЙЫ

Оқиға туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ер адамға көмекке құтқарушылар жіберілгені хабарланды.

 – Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына Треколь арнайы техникасымен барды, онда жүк көлігінің жүргізушісі өте қиын жағдайда болды. Ұзақ уақытқа созылған суықтан көліктегі жанармай қатып, ер адам бес күн жолда қалған, делінген хабарламада.

Құтқарушылар зардап шегушіге қажетті көмек көрсетіп, денсаулығын тексеріп, көлікті қалпына келтіруге көмектесті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Абай облысында автобус боранда жолда қалып, жолаушылары Аягөзге жеткізілді.