Көктайғақ, тұман: 28 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сымбат Сатыбалдина

Синоптиктер 28 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Атырау қаласында: түнде және таңертең көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман болады. Жезқазған қаласында: кей уақыттарда тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Тұман. Орал қаласында: көктайғақ, тұман болады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағанды қаласында: кей уақыттарда тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады.

түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыс бойынша қар, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында: күндіз қар, жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Атырау қаласында: түнде және таңертең тұман болады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында: күндіз қар, бұрқасын болады.

Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Тараз қаласында: кей уақыттарда тұман болады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.