Қазақстан бензин мен дизель отынын автокөлікпен және теміржол арқылы шығаруға тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2025 жылғы 29 қаңтардан бастап Қазақстанда бензин, дизель отыны және жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне шығаруға тыйым енгізіледі. Осыған байланысты бірлескен бұйрыққа Энергетика министрі, ҰҚК төрағасы, Қаржы министрі және Ішкі істер министрі өзгерістер енгізді.
Тыйым қолданылмайтын жағдайлар:
ШЕКТЕУ
Сонымен қатар, бұл шектеулер үкіметтің шешімімен 2024 жылғы 29 қыркүйектен 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңде гуманитарлық көмек аясында жөнелтілетін мұнай өнімдеріне қолданылмайды.
Энергетика министрлігі бұл шаралар ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын болдырмауға бағытталғанын түсіндірді.
ҚЫМБАТШЫЛЫҚ
Күні кеше, 28 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.
Бірақ Сәтқалиев 5 күннен кейін бензин қаншаға қымбаттайтынын айта алмады.