Қазақ тілі әлемнің қандай университеттерінде оқытылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы дерек grants.kz парақшасында пайда болды.
INDIANA BLOOMINGTON UNIVERSITY
АҚШ-тың Блумингтон штатындағы Индиана университетінде әлемдегі ең беделді Орталық еуразиялық зерттеулер бағдарламаларының бірін өткізеді. Орталық еуразиялық зерттеулер кафедрасы аясында университетте қазақ тілінде курстар өтеді.
INSTITUT NATIONAL DES LANGUES ET CIVILISATIONS ORIENTALES (INALCO)
Елшілігіміздің қолдауымен қазақ тілі Франциядағы ең көне университеттердің бірі – Ұлттық Шығыс тілдері мен өркениеттері институтының оқу бағдарламасына қайта оралды.
HANKUK UNIVERSITY OF FOREIGN STUDIES
Оңтүстік Кореяның Ханкук шет тілдер университетінің Орталық Азия зерттеулері институтында қазақ тілі белсенді түрде зерттеліп жүр. Бұл бағыт Орталық Азияның мәдениеттері мен қоғамдарын түсінуді тереңдетуде шешуші рөл атқарады.
UNIVERSITY OF CHICAGO
Чикаго университетінің Таяу Шығыс тілдері мен өркениеттері кафедрасы да қазақ тілі мен мәдениеті бойынша курстар өткізеді.
UNIVERSITY OF CAMBRIDGE
Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің Азия және Таяу Шығыстану факультеті Орталық Азияны зерттеу бағдарламасы аясында қазақ тілін үйретумен айналысады
SOAS UNIVERSITY OF LONDON
Лондондағы SOAS университеті Орталық Азияны зерттеу бағдарламасы аясында қазақ тілі курстарын да өткізеді. Университетте алуан түрлі студенттер білім алады және Азия мен Африканың тілдері мен мәдениеттеріне қатты көңіл бөледі.
UNIVERSITY OF WISCONSIN-MADISON
Университеттің «Орталық Азиятану» бағдарламасы қазақ тілі мен мәдениетін зерттеумен, сонымен қатар аймақта ғылыми-зерттеу және далалық жұмыстар жүргізумен айналысады.
OXFORD UNIVERSITY
Өткен жылдың басында Ұлыбританияның Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастайды деген келісімге қол қойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек мәлімдеген болатын.
ПОЛОНИЯ
Сонымен қатар, Полонияның Қазақстандағы елшісі Михал Лабенданың сөзінше, Познань қаласында де қазақ тілі оқытылады.