Қазақстаннан Ресейге жеткізілген тауықтардан қауіпті бактерия анықталған - АШМ не дейді

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстаннан Ресейге жеткізілген тауықтардан қауіпті бактерия анықталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

29 қаңтарда “Россельхознадзор” құс өнімдерінде листериозды бактерияның анықталуына байланысты «Макинская құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде зертханалық бақылау күшейтілгенін хабарлаған болатын. Бұл компания өз өнімдерін экспорттай алады, бірақ әрбір партия тексерілетін болады деген сөз.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

Министрлік өкілдері Қазақстан Россельхознадзордан әзірге зертханалық сынақ нәтижелерін растайтын ақпарат алмағанын айтты. 

- Зертханалық бақылау күшейтілген кезде кәсіпорын өндірген бақылаудағы тауарлар бір мүше мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумақтарында тасымалдануы мүмкін, бірақ әрбір партия бұл ретте кейінгі зертханалық бақылау үшін сынама алуға тиіс. Қазіргі уақытта комитетке Россельхознадзордан зертханалық зерттеулерді растайтын нәтижелері туралы ақпарат келген жоқ. ЕАЭО №94 ережесіне сәйкес уәкілетті органдар барлық мүдделі тұлғаларды анықталған бұзушылықтар туралы 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті”, дейді министрлік өкілдері. 

Ветеринариялық бақылау комитеті кәсіпорынды тексеріп, зерттеу жүргізу үшін сынамалар алады.