Қазақстанда жемқорлық жайлаған үш сала белгілі болды

Сымбат Сатыбалдина

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік брифингінде ведомствоның ресми өкілі Данияр Биғайдаров жемқорлық жайлаған органды атай алмады, бірақ үш проблемалық саланы анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

gov.kz

САЛАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ

Данияр Биғайдаровтың сөзінше, қандай да бір саладағы жемқорлыққа қатысты статистика жоғын айтты. 

- Елдердегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалайтын халықаралық ұйымдар бар. Бұл ұйымдар тек сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және тек статистикаға негізделмейді. Талдау, заңнамалық бастамалар, мемлекеттік саясат және тағы басқалары бар. Онда көптеген нәрсе талданады, содан кейін мына салада жемқорлық көп, ал мына салада жемқорлық аз деген секілді анықталады, - деді Антикордың ресми өкілі.

ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАН САЛАЛАР

Данияр Биғайдаровтың сөзінше, жемқорлық жайлаған топ-3 сала ол: білім беру, денсаулық және әлеуметтік қамту саласы

СТАТИСТИКА

2024 жылдың қорытындысы бойынша 1600-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. 1493 адам - оның ішінде 299 түрлі ведомстволардың басшылары әшкереленді. Қылмыстық істер бойынша 914 қазақстандық сотталды, үкімдер қазірдің өзінде шығып жатыр. Оның ішінде 326 адам бас бостандығынан айыруға, 434 адам айыппұл салуға тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 6,1 млрд теңге.