Жамбыл облысында полицей күдіктіні азаптаған

Сымбат Сатыбалдина

Жамбыл облысында қамауға алынған адамды азаптаған полицей ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ІІМ

Жамбыл облысының прокурорлары аудандық полиция бөлімінің біріндегі азаптау ісіне қатысты тергеуді бастады. 

МӘН-ЖАЙ

29 қаңтарда видеожазбаларды тексеру барысында прокуратура қызметкерлері азаптау фактін анықтаған. Рысқұлов ауданы Тұрар полиция бөлімі бастығының орынбасары қылмыстық іс бойынша күдіктіні азаптаған.

- Осы дерек бойынша прокуратура ҚР ҚК 146-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, дейді ведомство өкілдері. 

ЖАЗА

Прокуратура азаптау үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. Тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы айтылған жоқ.