Ұлыбритания ғалымдары қатерлі ісікке қарсы вакцина жасауды бастады

Сырым Қаржас

Ұлыбританияның GSК фармацевтика компаниясы Оксфорд университетімен бірлесіп, қатерлі ісікке қарсы вакцина жасау жобасын қолға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

© РИА Новости / Екатерина Лызлова

Үш жыл бойы ғалымдар жасушалардың қатерлі ісікке айналу процесін зерттейді, сондай-ақ ағзаның иммун жүйесі бұл жасушаларды ертерек танып, жойып жіберуіне көмектесетін әдісті іздейді.

Жоба онкология, иммунология және вакцинология саласында үлкен серпіліске әкелуі мүмкін, деді Оксфорд университетінің өкілі Ирэн Трэйси.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында қатерлі ісікті жасанды интеллект арқылы анықтау жүйесі енгізілетінін жазғанбыз.

Сондай-ақ онколог ғалымдардың айтуынша, күнде сүт ішу ішек қатерлі ісігіне шалдығу қаупін төмендетеді.