АҚШ билігі Merck компаниясы шығарған таблетка түріндегі COVID-19-ға қарсы препаратты мақұлдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, «молнупиравир» препараты тәуекел тобындағы ересектердегі жеңіл және орташа ауырлықтағы ауруды емдеуге арналған.
Бұл АҚШ нарығындағы коронавирусқа қарсы Pfizer таблеткасынан кейінгі екінші препарат. «Молнупиравирдің» қашан сатылымға шығатыны әзірге белгісіз.