Ақтаулық видеограф Каспий қалай тартылып бара жатқанын көрсетті

Сымбат Сатыбалдина

Ақтаулық видеограф Нұркен Тәжібай Каспий теңізінің қалай тартылып бара жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео кадры

Кадрлардан 7А ықшам ауданындағы жағалау соңғы бірнеше жылда қатты өзгергенін байқауға болады. Бір кездері суда тұрған пирстер бүгін, 2025 жылдың ақпанында, судың шетінен бірнеше ондаған метр алыстап кеткен. 

Бүкіл жағалаудағы жағдай осы. Теңіз порттары, яхта клубы, су қабылдағыш канал аймағында тереңдету жұмыстары жүргізілді.

КАСПИЙ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Каспий теңізініің тартылуы кейінгі жылдары Қазақстанның транзиттік әлеуетіне сын-қатер төндіре бастаған. Сенатор Сүйіндік Алдашев үкімет осы мәселеге назар аударуы керек деп есептейді. 

МӘСЕЛЕ НЕДЕ

Сенатордың сөзіне, Ақтау порты акваториясында теңіз түбін тереңдету жобасы Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 ж. арналған кешенді жоспарына енгізілген. Құны 42 млрд теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Алайда құны 20 млрд теңге құрайтын 2025 жылы басталуы тиіс жобаға қаражат көзі қаралмағаны анықталып отыр. Бұл өз кезегінде  жобаның уақытында іске аспай қалуына әсерін тигізеді.