Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттайды

Аян Өрібай

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың құны 40% дейін өсуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, әр жолдың бағасы әртүрлі болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

Қарабаев ақылы жолдармен жүру ақысы төрт есе қымбаттайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол тарифтердің өсуі жолдардың әртүрлі учаскелері үшін әр түрлі болатынын атап өтті: кейбір жолда өсім 30%, басқаларында 40% болады.

Біз біртіндеп қымбаттатып жатырмыз, бірақ тағы да қайталаймын, оның жергілікті тұрғындарға қатысыжоқ. Абоненттік төлем өзгеріссіз қалды. Қымбаттау шетелдік транзиттік машиналарға бағытталады, - дейді ол.

Қарабаев тарифтердің өсуі жергілікті тұрғындарға әсер етпейтінін атап өтті, өйткені олар үшін абоненттік төлем сақталады, ол өзгеріссіз қалады және шамамен 3 мың теңгені құрайды.

Бұған дейін ақылы жолдардан түсетін кірістер Қазақстанда 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.