Дәрігерлерге «жезөкшелер» деп жекіген жедел жәрдем басшылығы қалай жазаланды

Ulysmedia

Қарағанды жедел жәрдем қызметіндегі дау-дамайға қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz. sputnik.kz- ке сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлерінің басшының әрекеті туралы өтінішінен кейін тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Қарағанды жедел жәрдем станциясының медицина қызметкерлері журналистерге жұмыс жиналысынан аудиожазба ұсынды. Олар өздерін басшы «жезөкшелер мен дармоедкалар» деп атағанын хабарлады. Дәрігерлер мұндай қорлыққа төзбейтіндерін және оны жұмыстан шығаруды талап ететіндерін айтты.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қалалық жедел жәрдем станциясының ұжымынан келіп түскен шағым фактісі бойынша облыстық жедел медициналық көмек станциясы басшысының орынбасары Байсултан Арман Ерликовичке қатысты этика мен деонтологияны сақтау бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Бізде Тәртіптік кеңес өтті. Этика мен деонтологияны бұзғаны үшін оның шешімімен оған тәртіптік жаза (сөгіс) берілді. Бірақ қызметтік тергеу хабарламаларда көрсетілген фактілер бойынша жалғасуда. Қорытындылар туралы кейінірек хабарлаймыз»,- деген Төлегенованың сөзін келтірді «Вечерняя Караганда» Telegram-арнасы.

Арызданушылар мұндай жұмсақ жазамен келіспейді.