"Крокустағы" теракт ісі сотқа түсті

Сырым Қаржас

"Крокустағы" терактқа қатысты іс әскери сотқа берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған террорлық шабуыл туралы іс екінші батыс аудандық әскери сотта өтеді, деп жазады ТАСС.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тараптар іс материалдарымен танысып болғаннан кейін іс прокуратураға беріледі. Содан кейін сотқа түседі. Айыпталушылардың көптігіне байланысты Мәскеу соттарының бірінде көшпелі отырыстар өткізу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Іс бойынша 20-ға жуық адам, оның ішінде төрт тікелей орындаушы: Мұхаммедсобир Файзов, Далергон Мирзоев, Шамсидин Фаридуни және Саидакрами Муродали Рачабализ бар.

Мәскеудегі теракт

Естеріңізге салсақ, былтыр 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.