Қазақстан қоржынына Азия ойындарының үшінші медалі түсті

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының үшінші медалі түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Спорт министрлігінен

ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Спорт және туризм министрлігі Константин Борцов - IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлады. 

Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен қолаға қол жеткізді.

КҮМІС ЖҮЛДЕ

Бұған дейін Қазақстан қоржынына Азия ойындарының екінші медалі түскен болатын.  Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан биатлон, керлинг, ски-альпинизм, хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.