Өзбекстан шетелде ұзақ жүрген азаматтарына зейнетақы төлеуді тоқтатады

Сымбат Сатыбалдина

Өзбекстан билігі үш ай ішінде елге оралмаған азаматтардың зейнетақы төлемін тоқтатады. Бұл туралы елдің Зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pixabay.com

МӘН-ЖАЙ

- Өзбекстанға қайта оралғаннан кейін төлемдер қайта қалпына келтіріледі. Азамат төленбей қалған айлардың зейнетақысын алуға құқылы, бірақ бұл мерзім 24 айдан аспауы тиіс, – делінген қордың хабарламасында.

БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, зейнетақы төлеу басқа жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, төлем мерзімі аяқталғанда, жасына байланысты ерте зейнетке шыққан адам жұмысқа орналасқанда, зейнетақы үш ай бойы алынбағанда, зейнеткер бас бостандығынан айырылғанда және өзге де жағдайларда төлемдер тоқтатылады.

2024 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, Өзбекстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері 834 мың сом (шамамен 65 доллар). Қазақстанда  – 110 доллар, Қырғызстанда – 80 доллар, ал Тәжікстанда – 18 доллар шамасында.